Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша төрт күдікті қолға түсті, - деп жазады kaz.inform.kz

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 шілде күні шамамен сағат 15.00-де Жаңақала-Чапаев жолы бойында болды.
— Барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын толық анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелуі департамент басшылығының ерекше бақылауында, — деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, күдіктілер жол салушы «Ануш Құрылыс» ЖШС-ның екі қызметкерін ұрып соққан. Олардың біреуі — армениялық азамат.