Қаратөбе ауданы орталығында жазушы, аудармашы Жаулыбай Қосыбаевқа баннер орнатылды.

Баннерде "Жазушы, аудармашы Жаулыбай Қосыбаев 1895 жылы БҚО Қаратөбе ауданында дүниеге келген. 1955 жылы Алматы қаласынан шыққан "Әнші Мұхит" кітабының авторы. М.Горький, В.Короленко, М.Шолоховтың шығармаларына аударма жасаған.
Ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан жерлес қаламгер Қазақстан Үкіметін 13 жыл басқарған Нұртас Оңдасыновтың көмекшісі қызметін атқарған. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының аударма ісіне қолұшын созып, қолдау білдірген. Жазушы Ж.Қосыбаев 1956 жылы ақпан айында дүниеден озған" деп жазылған.
- Өтініш-тілегімді орындап, қолдау көрсеткен аудан басшылығына, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлына, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ермек Сайновқа рахмет айтамын, - дейді ақын Ертай Бимұханов.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы