24.07.2025, 9:15
Оқылды: 348

"Жайық" волейбол клубы Орталық Азия чемпиондар лигасында жеңіске жетті

Мальдив Республикасының астанасы Мале қаласында волейболдан Орталық Азия чемпиондар лигасы жарысы өтті. Бес елдің үздік алты командасы өзара күш сынысқан жарыста Қазақстан намысын “Жайық” волейбол клубы қорғады.

8146ff42-0757-44d1-a340-b1993c35e3f5

“Жайық” жарыс барысында өткізген 6 кездесуінің 5-інде жеңіске жетті. Осылайша оралдық клуб тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл — клуб тарихындағы жарқын жеңістердің бірі.
Шешуші матчта Қырғызстан құрамасымен күш сынасқан оралдық волейболшылар қарсыласын 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале