24.07.2025, 9:30
Оқылды: 235

Медиация - бейбіт пен келісімнің кілті

 

Жаңақала аудандық Ардагерлер үйінде 5 тамыз – бірыңғай республикалық медиация күніне орай «Ел бірлігін нығайтудағы медиацияның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

image-23-07-25-05-36-3

Семинарға аудандық сот төрағасы Меңдіғали Бақтығұлов, аудандық сот әкімшісі басшысы Айгүл Искакова, аудандық прокуратура прокуроры, 3-ші сыныпты заңгер Абай Ізберген, «Отбасын қолдау» орталығының басшысы Бақытжамал Мерғалиева, полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық, зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспектероы, полиция майоры Индира Тажиева, БҚО Адвокаттар алқасының адвокаты Дархан Сәрсеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Жаимов пен аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Сапарова, медиаторлар мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиын барысында медиаторлар Рая Апақаева мен Ғалиябану Игібаева жиналған азаматтарға медиация туралы кеңінен түсіндіріп, кеңестер берді. Сонымен қатар, кештің модераторы Меңдіғали Бақтығұлов ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу, отбасылық келіспеушілік, қаржылық даулар туралы тоқталып, мәселе аясында көрсетілетін шешімдерді айтты. Сондай-ақ, атқарылған жұмыстардың барлығы анонимді тұрғыда ортаға салынып, жасырын түрде жауабын табатынын ескертті.  Содан соң, зейнет жасында болса да көптеген аудан тұрғындарына септігін тигізген Рая Қайратқызының еңбегі зор екенін айтып, қылмыстық істер бойынша екі тарапты татуластыру үшін медиациялық келісім барысында  Фазылғали Сапаровтың да жұмсаған күші аз емес екенін тілге тиек етті. Жиынға келген жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынып, ақша мәселесі, мал дауы,  жол көлік апаты, айыппұлдар секілді маңызды мәселелер талқыланды. Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале