24.07.2025, 12:15
Оқылды: 118

Лицензиясыз жұмыс істеген мектептер тексерілуде 

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы өтуде. Онда вице-премьер Ермек Көшербаев және бірқатар салалық министрлік өкілдері журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Мектеп ЖП / Гүлмира С.С

Журналисттердің бірі оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде 66 мектептің лицензиясыз жұмыс істегені туралы сұрақ қойған болатын.

«Жалпы мектептер сапалы және оқушыларға жайлы орта қалыптастыруы үшін лицензиямен жұмыс істеу өте маңызды. Лицензиясыз жұмыс бастамау туралы біз жергілікті атқарушы билікке үнемі ескертіп отырамыз. Жаңағы сіз айтқан лицензиясыз жұмыс істеген 66 мектептің бар-жоғы 18-і қалып отыр. Оларды да оқу жылының басына дейін барлық жергілікті атқарушы органдар қалыпқа келтіруге үлкен жұмыс жасап жатыр. Лицензиясыз мектептердің пайда болуы туралы айтсам, жыл сайын 200-ден аса жаңа мектептер іске қосылуда. Сол кейбір жағдайдарда әкімдіктер немесе мектептер лицензия алып үлгермей жатады. Сондықтан біз қазір заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіп, лицензия алмас бұрын мектептерді алдын ала толық дайындықтан өту мәселесін көтерудеміз. Мұндай мәселені келісі жылдары түбегейлі болдырмау мақсатында нақты шаралар қабылданып жатыр», —деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале