24.07.2025, 21:00
Оқылды: 100

Safi Holding Қазақстанда қант зауытын салуды жоспарлап отыр

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түркиялық Safi Holding компаниясының бас атқарушы директоры Сафи Атаканмен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Қазақстан аумағында қант зауытын салу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды. 

_gluster_2025_7_24_02bdcb7f9739fbdaef931bf5d9936a4d_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Түркиядағы ең ірі өнеркәсіптік холдингтердің бірі саналатын Safi Holding жылына 140 мың тоннаға дейін қант өндіретін жоғары технологиялық зауыт салу жобасын жүзеге асыруға мүдделі. Зауыттың қызылша өңдеу қуаты – 1 млн тонна. Жобаның болжамды инвестиция көлемі – 150–200 миллион АҚШ доллары.

Қазіргі уақытта инвесторлар зауытты орналастыру үшін қолайлы өңірлерді қарастыруда. Орналасатын орынды таңдаудағы басты факторлар – қант қызылшасын өсіруге жарамды егістік жер көлемінің жеткіліктілігі және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыру үшін толық қолдау көрсетуге дайын екенін, соның ішінде қолданыстағы заңнама аясында мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға әзір екенін растады.

«Аталған жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетіледі», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Өз кезегінде Сафи Атакан көрсетілген қызығушылық үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның қант саласын дамытуға қолайлы агроөнеркәсіптік әлеуетке ие екенін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале