26.07.2025, 9:00
Оқылды: 228

Жаңақала ауданында екі медициналық нысан ашылды

Жаңақала ауданында тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында екі жаңа денсаулық сақтау нысаны – Бірлік ауылындағы дәрігерлік амбулатория және Қырқопа ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт салтанатты түрде ашылды.

WhatsApp Image 2025-07-26 at 09.59.05 (2)

Аталған жобалар халық игілігі үшін іске асырылып отыр. Бірлік ауылындағы амбулатория құрылысы 2024 жылдың қыркүйек айында басталса, Қырқопа ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті тамыз айында құрылысы басталып, бүгін толықтай қолданысқа берілді.

WhatsApp Image 2025-07-26 at 09.59.03 (2)

Ашылу салтанатына БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешев, «AMANAT» партиясы БҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семғалиева, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, мердігер ұйым басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы бұл нысандар аудан бойынша биыл пайдалануға берілетін төрт медициналық мекеменің қатарына кіретінін атап өтті.

«Бірінші байлық – денсаулық. Енді жоспарлы ем-шараларды аудан орталығына бармай-ақ алуға болады», – деді аудан басшысы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Амангелдіұлы 2025 жылы өңірде 50 денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарланғанын айтып, ашылған амбулатория мен пункт заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін жеткізді.

WhatsApp Image 2025-07-26 at 10.08.11 (1)

Ал «AMANAT» партиясы өкілі Афиза Семғалиева партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, елімізде осындай әлеуметтік нысандардың саны артып келе жатқанын тілге тиек етті.

WhatsApp Image 2025-07-26 at 10.08.09

Ауыл тұрғындары мен сала ардагерлері де қуаныштарын жасырмады. Бірлік ауылындағы медицина саласының ардагері Жәния Оразалиева мен Қырқопа ауылындағы Алтын Хасанова жаңа нысандардың ашылуын үлкен жетістік ретінде бағалап, жас мамандарға сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2025-07-26 at 09.59.05 (1)

WhatsApp Image 2025-07-26 at 09.59.03

Айта кетейік, Бірлік дәрігерлік амбулаториясы заманауи талаптарға сай, бір қабатты ғимарат. Ішінде қабылдау, алдын ала тексеру, екпе, ем-шара, физиотерапия, күндізгі стационар, туберкулезге қарсы, акушерлік және басқа да мамандандырылған бөлмелермен қамтылған. Автономды жылу жүйесі мен орталықтандырылған сумен жабдықталған.

WhatsApp Image 2025-07-26 at 09.59.04 (1) WhatsApp Image 2025-07-26 at 09.59.00

Қырқопа фельдшерлік-акушерлік пункті де бір қабатты, толық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ғимаратта қабылдау бөлмесі, физиотерапия, дәріхана пунктері бар фельдшер бөлмесі, залалсыздандыру, екпе салу, ем-шара бөлмелері қарастырылған.

Сыйлыхан Жұмасалық,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале