Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз қол жеткізіп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Кейіннен ол шифрланған деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.
Тінту кезінде кибершабуылдарды жүзеге асыруға пайдаланылған заттай айғақтар тәркіленді.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
