27.07.2025, 18:00
Оқылды: 230

Казталовтық "Ынтымақ" әжелер ансамблінің мүшелері өз таңдауарын жасады 

Казталов ауданы, Көктерек ауылдық округінің әкімін сайлау күні дауыс беру процесіне қатысқан округке қарасты Сатыбалды елді-мекенінің "Ынтымақ" әжелер ансамблінің қатысуы ерекше рухани мәнге ие. Бұл тек азаматтық борышын өтеу ғана емес, сонымен қатар жастарға өнеге көрсету, ұлттық бірлік пен мәдениеттің жарқын көрінісі болып табылады.

WhatsApp Image 2025-07-27 at 17.46.41
Әжелер – халқымыздың даналығы мен тәжірибесінің иелері. Олардың белсенді азаматтық ұстанымы жас буынға патриоттық тәрбие беріп, елдің болашағына бейжай қарамауға үйретеді. Сайлау – бұл тек таңдау ғана емес, ел тағдырына араласу. Ал үлкен буынның белсенділігі жастарға жауапкершілік сезімін оятады.

Қ.Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале