28.07.2025, 10:15
Оқылды: 238

Қазақстандық опера әншісі Италияда өткен байқауда І орын алды

Әйгерім Алтынбек XI Халықаралық опера әншілеріне арналған Портофино байқауында финалға өтті.

WhatsApp Image 2025-07-28 at 10.11.00 (1)

Сурет: instagram.com

- Сіздермен керемет қуанышты жаңалығыммен бөліскім келеді.
Италияның Портофино қаласында өткен халықаралық опера әншілері байқауы - CLIP (Concorso Lirico Internazionale di Portofino) - сәтті аяқталды. Байқауға 50 елден әншілер қатысты. 200-ден астам өтінім қабылданды. Тікелей тыңдауға 92 вокалист шақырылды, жартылай финалға 22 қатысушы, ал финалға бар болғаны 10 адам өтті. Бұл мен үшін ерекше тәжірибе болды. Алдағы уақытта бұдан да үлкен асуларды бағындырам деген сенімдемін. Аллаға шүкір. Осы жолда қолдау білдірген жандардың бәріне алғысым шексіз, - деп жазды әнші Әйгерім Алтынбек парақшасында.

CLIP байқауы алғашқы рет 2015 жылы ұйымдастырылып, 32 жасқа дейінгі опера әншілері үшін ең беделді халықаралық додалардың біріне айналған.

Қазылар алқасының құрамында Милан қаласындағы «La Scala», Монте-Карлодағы Опера, Буэнос-Айрестегі Колон театры, Мадридтегі Король театры, Висбаден мемлекеттік театры сынды танымал театр басшылары бар.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале