30.07.2025, 15:45
Оқылды: 294

Облысымызда қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы қандай?

Батыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық жағдайы

WhatsApp Image 2025-07-30 at 15.56.50

2025 жылдың алғашқы 6 айында Батыс Қазақстан облысында 18 жағдай қызылша ауруы тіркелді.
Оның ішінде:
- 11 жағдай – 14 жасқа дейінгі балалар арасында,
- 61% немесе 11 жағдай – түрлі себептермен егілмеген адамдар арасында анықталған.

Бұл көрсеткіштер халық арасында вакцинацияның жеткілікті деңгейде жүргізілмегенін көрсетеді және қосымша профилактикалық шараларды қажет етеді.

Қызылшаның қауіптілігі
Қызылша – өте жұқпалы вирустық инфекция. Бір науқас адаммен байланысқан егілмеген адамдардың 90%-дан астамы ауру жұқтырады.
Аурудың асқынуы ретінде пневмония, энцефалит, диарея, көздің көру қабілетінің төмендеуі, тіпті өлім жағдайлары да кездеседі.
Әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар мен вакцина алмағандар қауіп тобында.

Алдын алу жолдары
Қызылшаның ең тиімді алдын алу әдісі – екпе алу.
- Вакцинаның екі дозасын алған адамдардың 97%-дан астамында тұрақты иммунитет қалыптасады.
- Егер науқаспен байланыс болса, алғашқы 72 сағат ішінде екпе салу аурудың алдын алуы мүмкін.
Сонымен қатар, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар 21 күнге дейін медициналық бақылауда болуы тиіс.

Халыққа ұсыныстар
- Балаларыңыздың екпе күнтізбесіне назар аударыңыз, екі дозаның да салынғанына көз жеткізіңіз.
- Қауіп аймақтарына немесе шетелге шығу алдында вакцина статусыңызды тексеріңіз.
- Ауру белгілері (қызба, бөртпе, жөтел, көздің қызаруы) байқалғанда дереу дәрігерге қаралыңыз.

Қызылша – алдын алуға болатын, бірақ жеңіл қарауға болмайтын инфекция.
Жаппай вакцинация – аурудың таралуын тоқтатудың жалғыз жолы.
Өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғау үшін уақтылы егілуді ұмытпаңыз!

Назгүл Ажмұратова,

 БҚО Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің,

инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық

бақылау бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале