5.08.2025, 9:30
Оқылды: 138

Сырымдық өнер ұжымына «Халықтық» атағы берілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылғы 1 тамыздағы №364 - нқ бұйрығына сай Сырым ауданындағы жарты ғасырлық тарихы бар «Ақ қайың» вокалды-инструментальді ансамбліне «Халықтық» атағы берілді. 

IMG_4586

1973 жылы Жымпитыдағы мәдениет үйінің жанынан құрылған ансамбль өзінің тұтас дәуірдің үніне айналарын білмеді.

1980 ұжымның жетекшілігіне Батыр Меңдіғалиев келді. Екінші құрам ансамбльдің “екінші тынысын” ашқандай. Бас гитарада – Батыр Меңдіғалиев, ритм гитарада – Серік Кажимов, пернелі аспапта - Салтанат Жұбаниязова, ал барабандар кешенінде Талғат Шайхиев тұрды.

Сонымен қатар ұжымда жеке солист ретінде Күләш Нұрманова, Амангелді Ғубайдуллин, Гүлбаршын Наурызғалиева,Төлеген Есмұханов, Мақуза Сидарова, Гүлнар Үсенова, Айша Темірғазиева, Гүлнара Беріккалиева, Жамиля Ғатауова, Болат Кенжеғұлов, Бақытжамал Нұрғалиевалар өнер көрсетті.

Олар шырқаған «Той жыры», «Құдаша», «Қайдасың», «Махаббат мүңы», «Жусан иісі», «Ахау бикем», «16 қыз», «Аңсағаным», «Ауылым – әнім», «Қар жауып тұр» әндері тыңдармандарының жүрегінде әлі ойнап тұр. Қазіргі таңда “Ақ қайыңға” Ринат Шайхиев жетекшілік етеді.

- «Ақ қайың» ансамбліне «Халықтық» атағының берілуі - өнерге деген махаббатқа уақыттың берген бағасы деп түсінемін. Бұл жаңалықты тек «Аққайыңдықтар» емес, тыңдармандары да қуанышпен қабылдады деп ойлаймын. Сахнадаға әр ұжымның шығармашылық мәртебесі осылай айқындалуы керек, - дейді Сырым ауданындағы «Демалыс орталығы» МКҚК директоры Эльдар Әубекеров. 2023 жылы Сырым ауданы аңыз -ансамблдің 50 жылдығын атап өтті.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале