4.08.2025, 17:30
Оқылды: 99

Таныс болыңыз, SANAQ MYRZA – сіздің виртуалды көмекшіңіз!

Sanaq.gov.kz сайтында сізді виртуалды кеңесші – SANAQ MYRZA қарсы алады. Бұл – Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы қатысушыларына арналған жасанды интеллект негізінде жасалған арнайы чат-бот.

5226988823324522725 (1)

Сурет: telegram.org

Ол сізге санақтан қалай өту керек, қай сауалнама парағын таңдап, оны қалай толтыру керектігі жөнінде кеңес береді, жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді. SANAQ MYRZA арнайы білім базасы негізінде оқытылған және тәулік бойы көмек көрсете алады.

Оператормен тілдесем десеңіз, тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 нөміріне хабарласа аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале