5.08.2025, 11:30
Оқылды: 93

Қазақстанда тауардың өндірістен түпкі тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік беретін жүйе енгізілуде

Мемлекет басшысының экономиканы одан әрі цифрландыруға бағытталған тапсырмаларына сәйкес Қазақстанда «Сауданың цифрлық айнасы» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

5228813093503627638

Сурет: telegram.org

Жоба – бұл электронды экожүйе, оның негізгі мақсаты өндірушіден бастап соңғы тұтынушыға дейін тауардың қозғалысын толық цифрлық бақылауды қамтамасыз ету болып саналады. Және бірыңғай, ашық бухгалтерлік есеп жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Бүгінде классификация 1,3 млн тауарға жасалды. «Ұлттық тауарлар каталогы» мен «Электрондық тауарлар каталогын» жұмыстары аяқталуға жақын.
Келесі маңызды элемент – тауарларды сертификаттау. Өткен жылы Техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі (E-КТРМ) іске қосылды. Бүгінгі күні бұл жүйеде 100 мыңнан астам өтініш беруші, 1,5 мың аккредиттеу субъектісі тіркеліп, 3,5 млн-нан астам түрлі рұқсат құжаттары берілді, бұл сертификаттау үдерісін едәуір жеделдетеді және ашық етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале