Көлеңкелі экономикаға қарсы Қазақстанда міндетті таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі кеңейтіледі. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевтің айтуынша, жаңа тауар топтары үшін мерзімдер белгіленген:

Мотор майлары – 2025 жылдың соңына дейін,
сыра қайнату өнімдері – 2026 жылдың ақпанынан бастап,
жеңіл өнеркәсіп тауарлары – 2026 жылдың наурызынан бастап,
зергерлік бұйымдар – 2026 жылдың желтоқсанынан бастап,
биологиялық белсенді қоспалар – 2027 жылдан бастап.
Нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету және баға белгілеуді бақылау мақсатында сауда және интеграция министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесін енгізуде. Бұл тауар жеткізу тізбегі бойынша өнім көлемі мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры туралы мәліметтерді бірыңғай платформада онлайн қарастыруға мүмкіндік береді.
Осы жүйе негізінде инновациялық агромаркетплейс әзірленуде. Бұл жүйе өндірушілер, сауда желілері және мемлекеттік органдар арасында тікелей цифрлық байланыс орнатып, делдалдарды және ашық емес өткізу схемаларын жояды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында айтылды.