Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев "Аманат" партиясы аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қоғамдық қабылдау жергілікті билік басшысы мен аудан тұрғындары арасындағы түйінді мәселелерді бірлесіп шешуге ықпал ететін тиімді жүздесу іспетті. Аталған шараға аудандағы мекеме-ұйым басшылары да қатысып отырды. Аудан әкімі алдымен меншігіндегі 30 ға жерді пайдалану мерзімін ұзарту, бұл отбасы үшін табыс табу көзі екендігін өтініш ете келген Ащысай ауылының тұрғыны Б.Байсаловтың өтінішіне құлақ тосты. Бұл мәселе аудан әкімінің ұсынысымен, аудандық жер қатынастары бөлімі мен Ащысай ауылдық округі әкімінің ортақ келісімімен оңтайлы шешімін табатын болды. Бүгінгі таңда аудан тарихында өнегелі өмірімен, қалтқысыз қызмет жасаған тұлғалар жетерлік. Солардың бірі Ұлы Отан соғысының ардагері, Жаңакүш орта мектебінде ұзақ жылдар қызмет атқарған Ғабдіреш Ғабдуллинге ауданның Құрметті азаматы атағын беру туралы ұсынысын аудан тұрғыны Алтын Жарманова ала келген екен. Бұл ұсынысты тыңдай келе Мұрат Амангелдіұлы бүгінгі таңда мұндай атау беруге мараторий жариялануына байланысты, әрі осындай құрметті атаққа лайық азаматтардың көптігіне байланысты белгілі бір ереже-тәртіпке сүйенгеніміз жөн деген жауабын берді.

Әкім қабылдауына сонымен қатар Амангелді ауылына көшіп келген, отбасында мектеп жасындағы 7 бала тәрбиелеп отырған ананың ыңғайлы үй іздеп келген өтініші де мүмкіндігінше ыңғайлы шешімін таппақ. Осы сияқты тағы да әрі үйін ауыстырып, әрі жұмыстың ретін қарастыра келген жалғызбасты ананың және III топ мүгедегінің денсаулығына байланысты ыңғайлы жұмыс қарастыру мәселесі де назарға алынатын болды. Сейсенбі күнгі қабылдауға келген әр тұрғын сұрақтарына осылайша нақты жауап алып қайтты.

Жалпы осы күнге дейін тоқсанына бір рет жүргізілген қоғамдық қабылдауға 10-ға жуық аудан тұрғыны қайырылып, аудан әкімінің тікелей ынта-қолдау танытуымен сұрақтардың 50% оң шешімін тапқанын айта кеткен жөн.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы