6.08.2025, 14:45
Оқылды: 152

Шыңғырлау ауданында онамастикалық комиссияның отырысы өтті

Шыңғырлау аудандық әкімдігінде онамастика мәселелері жөнінде жиын өткізілді. Жиынға «Онамастар одағының» басқарма төрайымы, республикалық онамастикалық комиссия мүшесі, география ғылымдарының PhD докторы Нұрлыбек Зинабдин, аудандық ардагерлер мен өлкетанушылар қатысты.

image-05-08-25-10-27-7

Жиынды кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев мақсат-міндеттеріне тоқталып өтті. Осыдан соң Гүлнар Бекенова ханым республика бойынша өткізіліп жатқан, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Жер-су, елді мекендер атауларына қатынасты маңызды мәселелер жөнінде жүргізілетін жұмыстардың орны ерекше. Осы тұста жиналған көпшілік өзара пікір алмасып, көптеген атаулар тарихы, жер-су, елді мекендердің орналасқан жерлері туралы әңгіме өрбітті.

Кейбір орысша атаулармен берілген жер аттарын нақтылау, жаңа атаулармен елді мекен, белгілі орындарды белгілеу мәселесі де тілге тиек болды.

Тарихи-диахрониялық әдісті қолдану арқылы ауданымыздағы онамастикалық атауларды жүйелендіру жөнінде болашақта комиссия құрылып, мақсатты жұмыс атқарылуы көзделуде.

Шекаралық аймаққа жататын біздің ауданымыз үшін бұл жұмыс аса өзекті, маңызды болары түсінікті.

                                                                                                           Адақ Шотпанов,

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале