7.08.2025, 10:30
Оқылды: 151

БҚО-да мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында нақты қадамдар жасалуда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған интернет-конференция өткізді.

_gluster_2024_2_24_4bbb459ae5e1bf3d8ce0e0fe772674a5_1280x720

Сурет: gov.kz

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары – басты назарда

Интернет-конференция барысында Мұрат Сейлбекұлы мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттарына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау, кемсітушілікке жол бермеу, қызметтік әдепті сақтау және психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. «Біздің міндет – мемлекеттік қызметші өзін қорғаулы сезінетін орта қалыптастыру. Бұл – тиімді, әділетті және кәсіби мемлекеттік аппараттың негізі», – деді ол.

Нақты қолдау – нақты нәтижелер

  • 153 мемлекеттік қызметшіге артық жұмыс істеу фактілерінен кейін қосымша демалыс уақыты ұсынылды.
  • 2 қызметшіге заңсыз салынған тәртіптік жаза алынып тасталды.
  • 26 қызметшіге еңбек демалысы бойынша төлемдердің кешігуіне байланысты 22 000 мың теңге өсімпұл төленді.
  • 51 мемлекеттік қызметшіге іс сапар шығындары бойынша 9,6 млн теңге көлемінде кешіктірілген төлемдер жасалды.

Азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру – басты басымдық

Интренет-конференцияда халыққа қызмет көрсету сапасына қатысты нақты мысалдар келтірілді.

Мысалы, бір кәсіпкер жер учаскесін конкурссыз рәсімдеу үшін жүгінгенімен, негізсіз бастартуға ұшыраған. Құқық бұзушылықты байқаған кәсіпкер Департаментке шағымданды.

Нәтижесінде бастарту фактісі расталды,өтініш қайта қаралып, жер учаскесін беру туралы оң шешім қабылданды.

Жалпы, Департаментке қызмет алушылардан келіп түскен
12 шағым бойынша келтірілген дәлелдері расталды, қабылданған шаралар нәтижелері бойынша олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Цифрлық бақылау және жүйелі өзгерістер

Департамент «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бастарту фактілерін болдырмау мақсатында қашықтан мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Бұл тәсіл тиімділігін көрсетіп отыр.

Осылайша, Ақжайық ауданының бірқатар ауылдық округінің әкімдіктері 43 қызмет алушының өтінішіне заңмен қарастырылмаған себептермен негізсіз жер учаскесін беруден бас тартқан.

Департаменттің ұсынымы негізінде аталған мәселелер жер комиссияларымен қайтадан қаралды, құқытары бұзылған қызмет алушыларға тиісті жауаптары берілді.

«Мемлекеттік қызмет – бұл қоғамға адал қызмет ету. Біз мемлекеттік қызметшілердің де, азаматтардың да құқықтарын бірдей қорғауға тиіспіз», – деп қорытындылады Мұрат Байсалов.

Алдағы жоспарлар

Интернет-конференция соңында Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру және халықтың сенімін арттыру бағытында жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале