7.08.2025, 23:00
Оқылды: 449

Тасқала ауданы: Сала мамандары құрметке бөленді

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Тамыз айының екінші жексенбісі – құрылысшылардың кәсіби мерекесі. Атаулы мерекеге орай бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты шара өтіп, аудан құрылысшыларына құрмет көрсетілді. Аудан әкімі  Талғат Шакиров сала ардагерлері мен мамандарын құттықтап, ізгі тілегін жолдады.
image-07-08-25-05-10-3
«Елімізде күннен күнге жаңа зәуілім ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салынып, жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Біздің ауданымызда да құрылыс қарқыны жылдан жылға артып, аудан тұрғындары оның игілігін көруде. Осы сәтті пайдалана отырып, Құрметті сала ардагерлері мен құрылысшылар барша аудан тұрғындары атынан сіздерді құрылысшылар күнімен құттықтаймын. Ауданның бүгінгі жетістіктері мен әлеуметтік-экономикалық дамуының серпінінде сіздердің өзіндік қолтаңбаларыңыз бар. Сіздердің еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық. Барша құрылысшы мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтап, ел экономикасының дамып, көркеюіне қосқан үлестерінің жемісін көре берсін деп тілеймін», - деген аудан  әкімі Талғат Шакиров бір топ сала ардагерлері мен мамандарына Алғыс хат табыстады.
image-07-08-25-05-10-4
Құрылыс саласының ардагерлері  Айтқали Сүндетбаев, Дамир Яфаров, Қабыл Сүндетов,Камал Амиров сонымен қатар, құрылыс бөлімінің  мамандарына аудан әкімі Талғат Шакировтың атынан алғыс хаттармен сыйлықтар берілді.
image-07-08-25-05-10-5
Бүгінгі қоғамда алатын өзіндік орны бар мәртебелі мамандық иелерінің орны айрықша. Демек, ауданның бой түзеп, пайдалануға берілген әрбір ғимаратта құрылысшылардың қолтаңбасы жатыр. Адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтаймыз!
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы
image-07-08-25-05-10 image-07-08-25-05-10-2
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале