7.08.2025, 19:30
Оқылды: 344

Жусандыойда жұртшылықпен жүздесті

Бүгін түс ауа  облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қаратөбе ауданының Жусандыой ауылына арнайы барып, аудан тұрғындарымен кездесті. Аталмыш ауылдың мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиынға облыстық басқармалардың басшылары да қатысты.

050f4684-2bda-44ac-95f7-476711c633d7

Кездесу барысында облыс бойынша және Қаратөбе ауданындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндалып, жергілікті тұрғындар толғандырған мәселелерін өңір басшысына жеткізді.

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің айтуынша, 2025 жылдың 1-ші шілдесіне нақтыланған аудандық бюджет 5,4 млрд теңге болған. Соның ішінде аудан кірісі 781,0 млн теңгені құраса, ағымдағы жылы 1043,1 млн теңге жоспарланып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 152,7 млн. теңгені құраса, соның ішінде жеке инвестиция көлемі 1 452,7 млн. теңге болған.

- Ауданымызда экономиканың басқа да салаларымен қатар шағын кәсіпкерлік саласы да дамып келеді. Қазіргі таңда аудан бойынша 909 (жұмыс жасап тұрғаны - 891) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, онда 1439 адам жұмыспен қамтылып отыр. Ағымдағы жылдың 6 айында кәсіпкерлердің жеке инвестициясы арқылы жалпы құны 353,0 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылып, 21 адам жұмыспен қамтылды,- деді аудан әкімі.
 Сондай-ақ ол ауданның экономикасын, әлеуметтік саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Қоржын ауылындағы қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіруге 136,3 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталған. Аудандық бюджеттен 31,3 млн теңге қарастырылыпҮшағаш, Сулыкөл, Үшана, Қаратөбе, Шалғын ауылдарындағы қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары толықтай жүргізіліп, соның нәтижесінде биылғы су тасқынынан аудан ойдағыдай өткен. Жақсыбай, Қалдығайты өзенінің арнасына облыстан тиісті техникаларды әкеліп, жұмыстар басталған.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы кейінгі екі жылда өңірде атқарылған жұмыстарды аудан тұрғындарына баяндап, халықты толғандыратын мәселелерін білді және сауалдарына жауап берді.    

   -Еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында және Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстанның келешек бағытын айқындайтын бірқатар басымдықтарды атап өтті. Президентіміз белгілеп берген стратегиялық міндеттер – инвестиция көлемін ұлғайту, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін күшейту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыру – бүгінде еліміздің барлық аймағында нақты іске асуда. Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында Батыс Қазақстан облысында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Енді өңіріміздің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып өтсем: 

Бірінші: экономикалық тұрақтылық – өңір дамуының тірегі. Бұл бағытта өткен жылы  бірқатар оң нәтижелерге қол жеткіздік. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі - 12%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру - 0,8%-ға), негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі - 4,7%-ға, ішкі сауда - 9,4% - ға, көлік қызметтері - 18%-ға, ақпарат және байланыс қызметтерінің көлемі 24,3%-ға,  өнеркәсіп - 2,3% өсті,- деген өңір басшысы бірқатар игіліктерге тоқталды.

Содан соң қаратөбеліктер өздерін толғандыратын мәселелерін жеткізді. Мәселен, сауалдардың дені - жол салып беру және кей елді мекендерде интернеттің ұстамайтындығы, Қалдығайты көпірін жөндеу мәселелері көтерілді. Кездесуден соң облыс әкімі мен облыстық басқармалардың басшылары тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.

     Гүлсезім Бияшева,

Орал – Қаратөбе-Орал

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале