8.08.2025, 10:45
Оқылды: 131

Әлеуметтік желі - заманауи әлемнің құралы

Казталов ауданы, Алма Оразбаева мектебінде «Біздің әлем: әлеуметтік желі дағдылары» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

12до

Кездесудің басты спикері - СММ саласының маманы, өз ісінің шебері Әдемі Жарасова. Ол жастармен кездесіп, заманауи цифрлық әлемнің мүмкіндіктері, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану, пайдалы контент жасау, жарнама жүргізу және интернет мәдениеті туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында жастар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, пайдалы ақпараттармен қаруланды. Әдемі Жарасова қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, әлеуметтік желіні тек көңіл көтеру құралы ретінде емес, болашақта табыс көзі мен кәсіби дамудың алаңы ретінде де қарауға болатынын нақты мысалдармен түсіндірді.

Танымды шара жастардың қызығушылығын оятып, олардың медиасауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосты.

Мұндай шаралар жастардың цифрлық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға жол ашып, жас ұрпақты жаңа мүмкіндіктерге жетелей түсері анық.

 

Мейірім Парасат,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале