Ерте піскен қарбыз бен қауында нитрат деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл, әсіресе, үш жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті. Бұл туралы сарапшы Виталий Наполов NEWS.ru басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, қарбыз немесе қауынның құрамында нитрат жоғары деңгейде екенін дәмінен, сыртқы түрінен анықтау мүмкін емес. Мұны тек арнайы жабдықталған зертханада анықтауға болады.
Биолог ерте піскен қарбыз бен қауынды тек тексерілген орындардан сатып алуға кеңес берді.