Жаңақала ауданы орталығындағы “SARY-ARKA GRAND HALL» мейрамханасында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай аудандық «Қазақша Quiz» интеллектуалды ойыны өтті.
Тартысты жарысқа әр топта 4 адамнан барлығы 8 команда қатысты. Ойын 6 кезеңнен тұрды. Ұпай сандары бойынша қатысушылардың деңгейі анықталып, нәтижесінде 1-орын Жаңажол ауылдық округі алса, 2-орын Пятимар ауылының жастарына бұйырды.
Қызылоба ауылдық округі 3-орынды қанжығасына байлады. Аталмыш жарыстың облыстық кезеңі 11 тамыз күні өтеді. Марапаттау рәсімі ертең мәдениет үйіндегі “Жастар кешінде” өтетін болады.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы