11.08.2025, 9:30
Оқылды: 461

"Бірлігі жарасқан берекелі ауыл”: Үш ауылдың ортақ өнері мен өнегесі

Казталов ауданы орталығындағы “Достық” саябағында Жаңажол, Болашақ, Қайыңды ауылдық округтері “Бірлігі жарасқан берекелі ауыл” атты өнер фестивалі концерттік бағдарламасы өтті. Бұл мәдени шара ауыл өмірінің тынысын, берекелі тіршілігін, ұлттық салт-дәстүр мен өнерді кеңінен насихаттауға бағытталды.

image-10-08-25-05-50 (2)

Өнер фестивалінің шымылдығын ашқан Болашақ ауылдық округінің әкімі Артур Амантайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушылар мен көрермендерді айтулы шарамен құттықтады. Өз сөзінде: «Бүгінгі өнер фестивалі — бірліктің, берекенің, шығармашылық пен ауыл тіршілігінің жарқын көрінісі. Туған ауылымыз гүлденіп, ел игілігі жолында осындай басқосулар жиі болсын», — деп жүрекжарды тілегін жеткізді.

Фестиваль аясында ауыл өмірінің шынайы болмысын айшықтайтын фестиваль аясында қолөнер және тұрмыстық бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып, шеберлердің қолынан шыққан туындылар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде табиғи таза өнімдер ұсынылып, тұрғындарға қолжетімді бағамен сатылды.

image-10-08-25-05-50-1 (3)

Фестивальдің ең басты бөлігі — ауыл өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама болды. Көрерменді әншілер мен бишілердің өнері көрермендерді тәнті етіп, фестивалдің  шырайын аша түсті.

Кеш соңында Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов сөз алып, Жаңажол, Болашақ және Қайыңды ауылдық округтерінің өнерпаздары мен ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді. Ауыл бірлігін, ел ынтымағын насихаттаған игі шара үшін алғыс айтып, округтердің әкімдеріне арнайы алғысхаттар табыс етті. Бұл сәт көрермендердің қошеметіне ұласып, кештің әсерін арттыра түсті.

image-10-08-25-05-50-1 (2)

Бұл фестиваль ауыл тұрғындарының өзара ынтымағын, бірлігін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай іс-шаралар арқылы ауыл өмірі жаңғырып, дәстүр жалғасын таба бермек.

 

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале