11.08.2025, 22:00
Оқылды: 304

БҚО-да заңсыз аң аулау дерегі анықталды

БҚО-да заңсыз аң аулау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

IMG-20250811-WA0078 

Сурет: Polisia.kz 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы заңсыз аң аулау фактісін әшкереледі. Жуырда түнгі уақытта Үлкен Шаған – Переметное тас жолының 15-шақырымында Орал қаласының 53 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында салоннан екі қабанның төс еті, 7 дана оқ-дәрі, екі пышақ және бір балта табылып, тәркіленді. Көлік айып тұрағына қойылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале