14.08.2025, 13:00
Оқылды: 262

Зачаган кентіне жаңа келбет

Қала мен кент арасындағы абаттандыру жұмыстарының бір бөлігі ретінде Зачаган кентінің кіреберісіне жаңа арка орнатылды. Бұрынғы ескі конструкция толықтай демонтаждалып, эскиз сызбасына сәйкес заманауи үлгіде қайта бой көтерді. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
рррр
Сурет бейне жазбадан алдынды
Бұл арка – Орал–Атырау тас жолы бағытынан Зачаганға кіретін басты нышан. Көркем пішіні мен жаңаша безендірілуі кенттің айрықша белгісі болмақ.
Абаттандыру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта кент пен қалаға кіреберіс магистральды көшелер бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге түнгі жарықпен көркем безендіру орнату жоспарда тұр. Бұл түнгі уақытта да қаламыз бен кентіміздің ажарын ашып, ерекше көрініс сыйлайды.
Жаңа арка – Зачаган кенті әкімдігінің бастамасымен жүзеге асқан, өңіріміздің келбетін жақсартып, тұрғындар мен қонақтарға жағымды әсер қалдыруды мақсат еткен игі істердің бірі.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале