16.08.2025, 20:30
Оқылды: 563

Бөрлі ауданының екі ауылында әкім сайлауы өтеді

17 тамыз күні Бөрлі ауданына қарасты Кеңтүбек және Достық ауылдық округтерінде ауыл әкімі сайлауы өтеді. Соған байланысты Кеңтүбек және Достық ауылдарында тұрғындармен кездесу және әкім қызметіне үміткерлердің дебаттары өтті.

Аталған кездесуге Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов, БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Асыланбек Ғұбашев, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Қаржауов және аудан әкімі аппаратының басшысы Ерік Төлепқалиевтер қатысты.

Кеңтүбек, Достық сайлау (6)

Алдағы уақытта өтетін Кеңтүбек ауылдық округі әкімдігіне үміткерлер қатарында Баймұратова Нүрия Орынғалиқызы, Газиев Нұрлан Талаптанұлы және Ташуков Нұрлыбек Болатұлы бар. Ал Достық ауылдық округі әкімдігіне үміткерлер Кабулов Диас Ерланұлы, Қожаниязов Азат Сағидулаұлы және Махсутова Айсара Махсұтқызы.

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында комиссия мүшелері ауыл тұрғындарына сайлау туралы ақпарат берді. Кездесу барысында тұрғындарда өздерін алаңдататын сұрақтарын қойды.

Кеңтүбек, Достық сайлау (1)
Дебат барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен ауыл тұрғындарын таныстырды. Дебат кезінде үміткерлер бір-біріне ауылға байланысты алдағы мақсаттары туралы сұрақтармен алмасты. Шара барысында ауыл тұрғындарыда сұрақтар қойып, үміткерлерден жауаптарын алды.

Сайлау учаскелерінің орналасқан жерлеріне келсек, Кеңтүбек ауылындағы сайлау Кеңтүбек ЖОББМ-де, ал Достық ауылында ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында өтетін болады.

Айдана Абдрахманова, 

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале