18.08.2025, 11:00
Оқылды: 349

Спорт – ел мәртебесі, ұлт рухының айнасы

2003 жылдан бастап елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күні ретінде дәстүрлі түрде аталып келеді. Бұл – спорт саласындағы мамандар мен жарыс жолында ел намысын қорғаған саңлақтарды ұлықтайтын, салауатты өмір салтын дәріптейтін маңызды күн.

f38bbe8a-2a1b-4daa-bfd7-5541d29264e4

Осыған орай Батыс Қазақстан облысында да кәсіби мерекеге арналған салтанатты шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мереке қарсаңында «Парк отель» қонақүй-мейрамхана кешенінде түрлі дүбірлі додаларда ел абыройын асқақтатып жүрген спортшылар мен бапкерлер, сала ардагерлері бас қосып, ортақ қуанышпен бөлісті.

Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы Меңдіғалиев арнайы қатысып, барша спорт қауымын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде биылғы жылы облыс спортшылары ел ішіндегі ғана емес, халықаралық, құрлықтық және әлемдік жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп, көк байрағымызды биікте желбіреткенін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында және спорт саласы өкілдерімен кездесулерінде еліміздің дамуы мен жаһандық бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына енуі үшін бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударып келеді. Әсіресе, жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар спортын жүйелі түрде қолдау – ел ертеңінің кепілі екенін үнемі айтып жүр. Осы бағытта өңірімізде спорт инфрақұрылымын дамыту, ауылдық елді мекендерді заманауи спорттық нысандармен қамтамасыз ету бағытында нақты істер атқарылуда, – деді Қайыржан Ермекұлы.

1d6b3782-47e8-40b3-8054-6ce683aababe

6cb777d1-4c43-47c5-a609-49940e988534

Салтанатты жиын барысында облыс спортына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар марапат төрінен көрінді.

2282e6cf-2f90-433c-be68-a0a2d6bbb804

Өңір спортының дамуына елеулі еңбек сіңірген ардагер спортшы Қазболат Құрмашев, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің оқу ісіжөніндегі орынбасары Татьяна Копылова, сондай-ақ спорт ардагері Александр Любимкин Қазақстан Республикасы "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.

11e2bc09-01e4-4900-963a-3bfc68aa7c0c

Сонымен қатар спорт саласының өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің және облыстық дене шынықтыру жәнес порт басқармасының алғыс хаттарымен, төсбелгілерімен марапатталды.

07050cde-94f9-4912-aba4-8752109f12d7

7174ca08-0751-4b95-80b1-e17064d8117a
Бүгінгі
таңда спорт – жеке жетістіктің ғана емес, елдің рухани кемелденуі мен әлеуметтік дамуының басты тетігі. Отандық спорттың биік белестерге көтерілуіне үлес қосып жүрген барлық азаматтарды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, еліміз аман, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін деген тілек білдіреміз.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале