18.08.2025, 15:00
Оқылды: 374

Оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру EGov порталы арқылы қолжетімді

Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады. Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды.

_gluster_2025_8_18_ddeaae5321781c48675dff1edd87cfd8_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады.

Қызметті алу үшін:
* eGov.kz порталында тіркелу;
* «Білім» → «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;
* Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
* Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале