19.08.2025, 22:00
Оқылды: 229

Казталовта ел шебін қорғаған ерлерге құрмет көрсетілді

Казталов ауданында шекара күзетінде жүрген азаматтарға деген құрмет пен алғыс ерекше. 

FB_IMG_1755613911678

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Рашит Нәсіпқалиұлы еліміздің батыс шекарасын күзетіп жүрген әскери қызметкерлер – шекарашыларды арнайы қабылдап, олардың ел алдындағы еңбегін жоғары бағалап, ел шебін қорғап жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Шара барысында Рашит Иманғалиев:
– Елдің бейбіт тіршілігі мен тыныштығы – сіздердің мызғымас қызметтеріңіздің нәтижесі. Қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін әскери сала – кез келгеннің таңдайтын жолы емес. Шекара – бұл жай ғана аумақтық белгі емес, ол – мемлекеттің тәуелсіздігін, тұтастығын білдіретін қасиетті ұғым. Әскери тәртіп пен жауапкершілік – ер азаматтың абыройлы борышы. Шекара – тек картадағы сызық емес, ол – елдің намысы. Осындай міндетті арқалап жүрген сіздерге зор алғысымды білдіремін, – деп атап өтті.

FB_IMG_1755613920541

Кездесу барысында шекарашылармен пікір алмасылып, олардың атқарып жатқан қызметтері, әскери дайындық барысы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі туралы айтылды. Әскери қызметкерлер өз кезегінде жергілікті биліктің қолдауына алғыстарын білдіріп, ел сенімін ақтауға дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесуде әскери қызметкерлер шекара бойындағы ахуал, күнделікті атқаратын қызметтері жайында қысқаша мәлімет беріп, өзара пікір алмасты. Жастардың патриоттық тәрбиесі, әскери мамандыққа деген қызығушылығы, сондай-ақ аудан тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы да сөз болды.

Шекарашылар өз кезегінде елге деген адал қызмет – олардың басты мақсаты екенін айтып, аудан басшылығына жылы қабылдау мен қолдау үшін алғыстарын жеткізді.

photo-output

Кездесу соңында Рашит Нәсіпқалиұлы әрдайым мемлекеттік қауіпсіздік пен тыныштық жолында аянбай еңбек етіп жүрген шекарашыларға қызметтеріне табыс тілеп, естелік ретінде арнайы алғысхаттар табыстады. Сонымен қатар Жәнібек шекара басқармасының жауынгерлік дайындық бөлімінің бастығы Мажит Бастенов ел тыныштығын күзетіп жүрген шекарашыларға алғысхат табыстады.

Мұндай кездесулер – әскери қызметкерлерге рухани қолдау көрсетіп қана қоймай, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіруге жол ашады. Ел шебін қорғаған ерлер – елдік пен бірліктің тірегі.

Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале