Сырым ауданындағы А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі үйірмесінің жаттықтырушысы Айбол Оразғалиев әлем чемпионатында төрешілік етті.

14–15 тамыз күндері Астана қаласында алғаш рет әскери қызметшілер арасында Қазақ күресінен әлем чемпионаты өткен еді. Чемпионат ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы мен ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен жүзеге асты. Байрақты бәсекеге 40-қа жуық елден спортшылар қатысты.
- Әлем чемпионатында Батыс Қазақстан облысының өкілі, қазақ күресінің білікті жаттықтырушысы, І дәрежелі төреші Айбол Оразғалиев төрешілік қызмет атқарды. Айбол – қазақ күресінен еліміздің білікті төрешілерінің бірі. Ол бірнеше халықаралық додаларда әділ төрелік етіп, мол тәжірибе жинақтаған, - деп жазады ресми парақшасында Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Біз Айболды мықты бапкер, талантты күрес жұлдыздарын тәрбиелеген ұстаз ретінде де танимыз.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы