20.08.2025, 16:30
Оқылды: 131

Қызмет алушалардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілдері

 

Күн сайын мыңдаған азамат түрлі мемлекеттік қызметтерді тұтынады. Алайда, бұл қызметтердің сапасы әрдайым көңілден шыға бермейді. Қызмет алушының құқығы бұзылса, не істеу керек? Енді бұл сұрақтың жауабын тек азамат емес, мемлекет те бірге іздейді.

Businessman is typing on a laptop while holding a cell phone. Concept of multitasking and productivity, as the man is able to work on his laptop while also staying connected to his phone

Сурет: istockphoto.com

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кез келген қызмет алушы сапалы қызметке, толық ақпарат алуға және шағымдану құқықтарына ие.

Бірақ бүгінде бұл құқықтарды тек бұзылғаннан кейін емес, алдын ала – проактивті түрде қорғау маңызды болып отыр.

Бұл салада мемлекет те қарап отырған жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі – жүйелі түрде қызмет сапасын қадағалап, бағалап, тиісті шаралар қабылдайды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылаудың жаңа тәсілдерін қолданып, мемлекеттік бақылау күшейтілді.

Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде орын алатын бұзушылықтарды жедел түрде қашықтықтан ақпараттық жүйелер арқылы анықтап қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілуде.

Осылайша Департамент ағымдағы жылдың 6 айында 134 қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Оның ішінде, қашықтықтан жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша 43 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, Ақжайық ауданының бірқатар (Алмалы, Базартөбе, Бударин, Есенсай, Жамбыл, Қабыршақты, Мерген, Тайпақ, Чапаев, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Сарытоғай) ауылдық округінің әкімі аппараттарымен қызмет алушыларға жер комиссиясын өткізуге кворум санының толмауына байланысты бас тартса, басқа жағдайдаларда сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлім тарапынан ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісі жер қатынастары бөліміне келіп түспегендіктен өтініштер қанағаттандырылмаған.

Өз кезегінде, қызмет көрсетушілердің бас тартудың бұл себептері заң нормаларында қарастырылмаған. Осылайша негізсіз бас тартудың салдарынан жер учаскесін беру туралы өтініштерін жолдаған азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесін алалмай өз құқықтары жүзеге асыралмаған.

Департаменттің ұсынымдары негізінде аталған өтініштер жер комиссиясымен қайтадан қаралып, 43 қызмет алушыларға жер учаскесін беру мәселесі туралы тиісті шешімдері берілді.

Сыртқы бақылау жұмысы Департаментпен жалғастырылып қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне аса назар аударылатын болады.

Б. Ибрашев,

Қазақстан Республикасы

мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша

департаментінің басарма басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале