Жаңақала аудандық мәдениет үйінде алғаш рет аудан көлемінде арнаулы және жоғары оқу орнын бітіруші түлектерге арналған жұмыспен қамту жөнінде ашық есік күні өтті.

Оған аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев қатысып, жас мамандарды жеке қабылдап, түсіндірме жұмысын жүргізді.

Биыл барлығы 26 мекемеден 92 бос жұмыс орны ұсынылды. Өкінішке орай аталмыш шарада 8 түлек қана төбе көрсетіп, қажетті ақпараттарын алды. Оның бірнешеуі педагогика саласының мамандары. Жиын соңында Алпамыс Жаңабайұлы ұстаздар қауымын келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектері үшін алғысын жеткізді.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы