Бүгін, Тәуелсіздік мерекесі күні, Жəнібек ауданының орталығында кәсіпкер Бауыржан Неғметовтің «Ернар» атты дүкені ашылды.
Аталмыш дүкен сөрелерінде азық-түлік және ет өнімдері қолжетімді бағамен саттыққа шығарылады. Дүкен иесі алдағы уақытта үш адамды жұмыспен қамтымақшы.
Нысанның ашылу салтанатында Жәнібек ауылдық округінің әкімі Мұстахим Қабдысалиев жұртшылықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жаңадан ашылғалы отырған дүкеннің қызметіне сәттілік тіледі.
Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мен дүкен иесінің әкесі Аменгелді Нығметов лента қию рәсімін жасаған соң, көпшілік жаңа дүкеннен сауда жасауға бет алды.
Д.ЗЕННАТ
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz