21.08.2025, 18:48
Оқылды: 395

Оралда «Мерейлі отбасы-2025» байқауының марапаттау рәсімі өтті

Ақжайық өңірінде дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

4a6e4009-ed69-4611-840d-cebb8d9d7540

Аталған шара биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.

Облыс бойынша байқауға 100-ден астам өтінім түскен. Іріктеу нәтижесінде Орал қаласы мен 12 ауданнан 21 отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, өнегелі дәстүр мен берекелі шаңырақтың үлгісін көрсетті.

81ed9332-c0fb-42f7-8dc9-5c12268e59dd

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев байқау қатысушыларын құттықтап, отбасы құндылықтарын дәріптеудің қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

75e538a2-9a92-4573-8d89-cf494bc01acd

Қайыржан Ермекұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының «Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды» деген сөзін тілге тиек етіп, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және отбасылық құндылықтарды нығайтуда маңызы ерекше екендігіне тоқталды.

268fd04f-842c-4c24-a321-4cd998eabc4f

Конкурс қорытындысында үздік танылған отбасылар облыс әкімінің атынан марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале