25.08.2025, 11:00
Оқылды: 206

БҚО-да жоғалып кеткен қыз табылып, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының тұрғыны қызының жоғалып кеткені жөнінде полицияға шағым түсірген, - деп жазады kaz.inform.kz.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 22 тамыз күні сағат 21.20-да жүгінген әйелдің сөзіне қарағанда, қызы танысымен бірге дүкенге кеткеннен оралмаған.

Дереу жедел іздестіру іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, іздестіруге полицияның барлық бөлімшесі жұмылдырылды.

— Қабылданған шаралар нәтижесінде 23 тамыз күні 32 жастағы ер адам ұсталды. Ол қыздың қайда екендігін көрсеткен. Қыз бала ауыл шетінен тірі табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале