25.08.2025, 13:00
Оқылды: 78

Жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS арқылы хабарланады  

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 24790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен SMS хабарламалар жібереді, - деп жазады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

 

 _gluster_2022_11_29_5f0fd5bcfc705b785862616b3212a4a5_1280x720

 Сурет: gov.kz

ҚР Ұлттық статистикалық бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарын қоспағанда, азаматтар бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады.

Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале