Финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Хао Чин Чань (Тайбэй)/Синью Янь (Қытай) жұбын 7:6(7:3), 6:4 есебімен жеңді. Осылайша, Анна жұптық сайыста WTA турнирлерінде 14 рет чемпион атанып отыр.