26.08.2025, 9:30
Оқылды: 311

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданына болды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданына барып, шағын және жеке кәсіпкерліктің жұмысымен танысты.

539244742_18543319576028162_1689256008123914583_n

Алдымен облыс әкімі «Everest Trade Company» ЖШС-ның асфальт-бетон зауытында болды.

539127498_18543319705028162_4134872777058312602_n 539331538_18543319717028162_8078521853033452569_n

Бетон және темірбетон бұйымдарын шығарып, асфальт өндіретін бұл кәсіпорында бүгінде 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Өңірдің жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда зауыттың үлесі зор екендігі атап өтілді.

539242618_18543319684028162_8122761158617002021_n

Одан әрі Нариман Төреғалиев «ЖИДЕНКО М.А.» ЖК-нің «SCANIA CENTER» сервистік орталығының» жұмысымен танысты. Самара–Шымкент халықаралық тас жолының бойында орналасқан бұл нысан жүк көліктеріне қосалқы бөлшектер сатумен қатар, сервистік қызмет көрсетеді. Аталған орталықтың ашылуы жүк тасымалы саласында қызмет сапасын арттырып, кәсіпкерлерге қолдау болуда.

538904273_18543319609028162_6019894424166805420_n

Сапар барысында облыс әкімі «Жаңа Әлем» шаруа қожалығына да ат басын бұрды. Қожалық бүгінде көкөніс өнімдерін жинау науқанын жүргізіп жатыр. 2025 жылы шаруашылық 69 гектар жерге егін еккен. Оның ішінде: пияз – 48 га, сәбіз – 11 га, қызылша – 5 га, қырыққабат – 5 га.

539423432_18543319672028162_5036980924584917053_n
Көкөніс өнімдері аудан тұрғындарын ғана емес, облыс нарығын да қамтамасыз етуге бағытталған. Әкім шаруашылық еңбегін жоғары бағалап, агробизнес саласын әртараптандырудың және ауыл еңбеккерлеріне қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

539885819_18543319597028162_6323531095722382535_n

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Нариман Төреғалиев Махамбет ауылының тұрғындарымен кездесті. Есептік кездесуде Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады.

Өз сөзінде Нариман Төреғалиев облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан негізгі әлеуметтік-экономикалық жобаларға тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында өңір инфрақұрылымын жаңғырту, жолдарды жөндеу, ауыз су және газбен қамту, денсаулық сақтау мен білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары да сөз алып, өздерін толғандырған мәселелерін көтерді. Әсіресе ауылішілік жолдарды жөндеу, жұмыспен қамтамасыз ету, ағын суды тоқтатуға шлюз салу жөнінде, т.б. ұсыныстар айтылды.

Әкім тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, айтылған ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале