26.08.2025, 10:15
Оқылды: 134

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 130 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды. 
_gluster_2022_12_23_32fbb1b30294dbf727635cb4d91f4f34_1280x720
Сурет. gov.kz

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 549 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 258 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 3 786 және 904 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 889 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 744  адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 899 жұмыс беруші бар. Оларда 348 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер: құрылыс саласында – 4 949 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 930 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 369 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 210 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 5 120 адам, Өзбекстан – 2 478 адам, Түркия – 1 042 адам, Үндістан – 1 031 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге саламыз. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап маусымдық шетелдік жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптер тізбесінің кеңеюіне байланысты министрдің бұйрығымен жалпы квота республикадағы жұмыс күші санына қатысты 0,25% немесе 19,4 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале