Орал қаласындағы Отбасын қолдау орталығында «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету – қоғамның басты міндеті. Жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлап, білімге деген құлшынысты арттыратын, алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялататын бұл мейірімділік шарасы әрбір бала бойына сенім ұялататыны, жанына жылу беретіні сөзсіз. Іс-шараға қатысқан мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен кәсіпкерлер өмірлік қиын жағдайдағы отбасы балаларына, көмекке зәру, қолдауға мұқтаж жетім балалар мен аз қамтылған отбасының ұл-қыздарына қолдау көрсетті. Атап айтсақ, жеке кәсіпкер А. Әбілқасова, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы «Жомарт жан» орталығының мүшелері, жеке кәсіпкерлер И. Камал, Т. Чудобаев, Ә. Темірболатов 34 балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын табыс етті.
Сонымен қатар ел ертеңін ойлайтын кәсіпкерлер О. Дәулетқалиев, Т. Дәулетқалиева, Н. Серғазиева, М. Бекенов, Ж. Сәлімова, Э. Жұмағалиев, «Спецодежда» дүкенінің басшылығы қайырымдылық шарасынан тыс қалмай, өз үлестерін қосты. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры А. Сұлтанов, Орал қалалық ПБ ЖПҚ басшысы Э. Жүсібәлиев, БҚО ПД ЖПҚ бөлім басшысы Д. Сатарова, әкімшілік басқармасының қызметкері К. Молдашева, Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Г. Дүйсенғалиева, Түлбаев Мұхаммед-Ғариф мешітінің наиб имамы Қ. Насыров, «Қазақстан әкелері» РҚБ БҚО бойынша филиалының құрылтайшысы С. Ихсанов ұжым атынан 35 балаға мектеп формасын алуға сертификат табыстады.
Шара соңында Жастар мәдениет сарайы және Алтын орда мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ән шырқап, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жангүл Батырова,
«Отбасын қолдау орталығы» КММ
әлеуметтік жұмыстар бойынша маманы,
Орал қаласы