27.08.2025, 0:00
Оқылды: 307

Жаңақалада ашық пікірсайыс өтті

2025 жылдың 7 қыркүйегінде өтетін С.Меңдешев және Жаңақала ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына байланысты Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы қос ауылда үміткерлер арасында ашық пікірсайыс ұйымдастырды. Шара Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетіліп, ауыл тұрғындарының белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды.

image-26-08-25-10-30-2

Пікірсайыс С.Меңдешев ауылында басталып, Жаңақала ауылында жалғасты. Алдымен округтерде жиын өтіп, оған облыстық және аудандық сайлау комиссияларының төрағалары Әділ Жоламанов пен Жанболат Бақтыгереев, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Асыланбек Ғұбашев, қоғамдастық мүшелері, ардагерлер мен жастар қатысты. Олар сайлау заңнамасына енгізілген жаңашылдықтар мен сайлау үдерісін дамыту мақсатында сайлаушылар ұсыныстарын жазып алды.

image-26-08-25-10-30-3
С.Меңдешев ауылындағы пікірсайысқа үміткерлер Абзал Ахметов, Меңдібай Ещанов және Фарида Тілешова қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен бөлісті. Тұрғындар мал жайылымын кеңейту мәселесін көтерді.
Жаңақала ауылындағы пікірсайысқа Маржан Абдулкаримова, Арман Ещанов және Абат Ишанов қатысты. Ауыл халқы инвестиция тарту, мәдени, рухани шараларды жандандыру мәселелерін ортаға салды.

image-26-08-25-10-30-4
Пікірсайыс ашық форматта өтті. Үміткерлер нақты ұсыныстарын айтып, тұрғындар сұрақтарына еркін жауап берді. Бұл – ауылдық деңгейде демократиялық мәдениеттің нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале