27.08.2025, 15:30
Оқылды: 243

Болашақ әкімдер дебат мінберінде кездесті

Қыркүйек айының 7 жұлдызы күні Сырым ауданы, Аралтөбе және Бұлдырты ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы өтеді. Әкім болуға 6 кандидат ниетті.

PHOTO-2025-08-24-10-35-51 (2)

Жуырда үміткерлер  тұрғындар алдында өзара пікірсайысқа түсіп, жоспарлаған баяндамалары мен өмірбаяндарын таныстырды.

Сайыс ережесі бойынша қатысушылар алдымен жеребе тарту арқылы реттілік кезегін анықтады.

PHOTO-2025-08-24-10-35-51 (1)

Пікірсайыстың алғашқы кезеңінде үміткерлер өз өмірбаянымен баяндамасын таныстырса, екінші кезеңде кандидаттар бір-біріне даярлаған сұрақтарын қойды. Ал, соңғы кезеңде ауыл тұрғындары болашақ әкімдеріне өз сауалдарын жолдап, ой - жоспарларын, қабілеттерін байқады. Екі ауыл тұрғындарының да кандидаттарға қояр талабы - біреу. Ол - ауыл болашағы үшін бар ықыласымен еміреніп қызмет ету.

PHOTO-2025-08-24-10-35-51

Пікірсайыс алдында Аралтөбе және Бұлдырты ауылдық округтерінің белсенді азаматтары Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламановпен кездесті.

PHOTO-2025-08-24-10-35-43

Кездесу барысында сайлауды өткізу тәртібі, кандидаттармен сайлаушыларға қояр талаптар және заң жүзінде белгіленген тәртіптер түсіндіріліп, халықтың электоралдық белсенділігін арттыру жайы талқыланды.

 

Қ.Елеуов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале