28.08.2025, 15:45
Оқылды: 234

«Кәсіби қызметіме дән ризамын»

Саналы ғұмырын ауыл экономикасының дамуына арнап, тәуелсіз еліміздің көркеюіне мейлінше үлес қосып келе жатқан Жалпақтал ауылының тұрғыны Бақтыгереев Талғат Жақсығалиұлы бұйыртса, келесі жылы 60 жастың асуын бағындырмақшы.

IMG-20250828-WA0019

Адал еңбек — ер атандыратынын жас күнінен сезініп өскен Талғат Жақсығалиұлы қандай жұмыс атқарса да еш жатырқамай, қолдан келген жақсылығын туған жеріне арнаудан жалыққан емес.
Қазіргі таңда елмен бірге еңбек етіп, ауылдың көркеюіне сүбелі үлес қосқан замандасымыздың еселі еңбегін ауылдастары әрқашан жоғары бағалап, өзін құрмет тұтудан жалықпайды. Осының айқын дәлеліндей Талғат бауырымыз 1974-1982 жылдар аралығында Жалпақтал орта мектебінде оқып, 1982-1985 жылдары қазіргі Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде білім алды. Одан кейін1985-1987 жылдар аралығында Отан алдындағы борышын өтеп, 1987 жылдан күні бүгінге дейін үзіліссіз «Қазтелерадио РТС» мекемесінің Жалпақтал ауылындағы бөлімінде еңбек етіп келеді. Отбасында адал жар, ұл-қыздарына асқар тау әке болып, ауылдастары арасында қарапайым тірлік кешіп келеді.
Биылғы Елбасымыз белгілеген «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өз саласы бойынша ұзақ жыл еңбек етіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізген Талғат Жақсығалиұлы сияқты еңбек адамдарының табысты жолдары өскелең ұрпаққа қашанда үлгі-өнеге. Кәсіптік  қызметпен ауыл-аймақты дамытуда түрлі мүмкіндіктер тауып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың жарқын үлгісі болатын 2025 жыл — өз болашағын өзгерткісі келетін әрбір жас үшін табысты өмірдің кілті болып қала бермек!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале