21 мамырдан бастап Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтінімдер қабылдау басталған болатын. Бұл – өз кәсібін енді бастаған жандарға берілетін үлкен мүмкіндік.
Жаңақала ауданы бойынша І лекте барлығы 29 өтінім қабылданып, оның 13-і мақұлданды. Грант көлемі – 400 АЕК немесе 1 572 800 теңге. Ол жаңа кәсіп бастауға және дамытуға бағытталып, қайтарымсыз түрде беріледі. Әр үміткер мұндай қолдауды өмірінде бір-ақ рет ала алады.
Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында ІІ лек бойынша өткен кезекті комиссия отырысында 17 өтінім қаралды. Нәтижесінде 10 азаматтың ұсынысы оң шешімін тауып, қайтарымсыз грант иегері атанды.
Бұл бастама – кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтарға үлкен демеу ғана емес, ауданның экономикалық белсенділігін арттыратын нақты қадам.
Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы