Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы өз жұмысын жалғастыруда.

Еріктілер кеңесінің басты мақсаты мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту,ерікті бастамаларына жәрдемдесу, еріктілер қозғалысын реттеу, бағыттарды анықтау,бірізділікке салу, қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру, саламатты өмір салтын насихаттау,еріктілердіңқоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысуын үйлестіру болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай еріктілер мемлекеттік қызмет ардагерлерін арнайы құттықтап шықты. Шара барысында ардагерлерге алғыс хаттар мен гүлдер табысталып, ыстық ықылас пен құрмет көрсетілді.
Ұйымдастырылған шараның мақсаты –Конституцияның қоғамдағы орны мен маңызын дәріптеу болып табылады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі