29.08.2025, 10:45
Оқылды: 187

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек»

WhatsApp Image 2025-08-29 at 11.40.29

– Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар, – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Дереккөз: t.me/aqorda_resmi

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале