29.08.2025, 12:00
Оқылды: 258

Сырым ауданында экскурсиялық бағдарлау жарысы өтті 

ҚР Конституциясының  30 жылдығына орай Сырым аудандық «Жас туристер станциясы» жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында «Ауылым - тұнған шежіре» атты экскурсиялық бағдарлау жарысын ұйымдастырды. 
PHOTO-2025-08-28-18-26-03
“Туған жердің тылсым сырын ұғып көр!” - деп Қадыр Мырза Әли жырлағандай, шараның мақсаты - халыққа өздерінің туған өлкесінің тарихи шежіресін таныстыру.
- Тарихи - мәдени мұраларды тану, салауатты өмір салтын насихаттау және кәсібінен нәсіп тапқан еңбек иелеріне құрмет - міне, жарысымыз осы негізгі үш мақсатты біріктіреді,  - дейді жас туристер станциясы мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы Руслан Шуйншкалиев.
PHOTO-2025-08-28-18-33-46
Шараның салтанатты ашылуында Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев сөз сөйледі. Тимур Берікұлы біздің бейбіт тұрмысымыздың кепілі - ҚР Конституциясына әркім құрмет етуі керектігін, ішкі туризмді дамыту мәдени - тарихи орындарды танудан басталатынын, экскурсиялық бағдарлау жарысы соған жарқын қадам екенін атап өтті.
PHOTO-2025-08-28-18-33-47
Қатысушылар қолдарына берілген карта бойынша Жымпиты ауылында орналасқан белгілі тұлғаларға арналған ескерткіштердің, Алашорда үкіметінің жұмысы мен тұлғаларына қойылған монументтің, мемлекеттік қорғауға алынған ХІХ ғасырдың тарихи ескерткіші -  ескі мешіт пен шіркеудің орыны нүктелермен жүріп өтіп, өлкетану бойынша жазбаша тапсырмаларды  орындады. Шараға “АҚҚУ” дүкендер желісінің иесі, жеке  кәсіпкер Г.Нигметова демеушілік қылды.
Бауыржан Ширмединұлы, 
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале