29.08.2025, 23:00
Оқылды: 218

Шыңғырлау ауданы: Ақбұлақ ауылында Конституция күні аталып өтті

Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ұлық тұтар – Ұлы заң» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

image-29-08-25-07-12

Мемлекеттік әнұран орындалды. Шараға ауыл тұрғындары, жастар, түрлі сала өкілдері қатысып, ел тарихындағы аса маңызды белестің бірі – Конституцияның қабылдану сәтін еске алды. Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Мерлан Хамиев ауыл тұрғындарын құттықтап:

- Конституция барлық азаматқа тең мүмкіндік беріп, әділетті қоғамның негізін қалады. Бұл – тұрақтылық пен бірліктің, даму мен өркендеудің басты тірегі саналады.30 жыл ішінде Конституция Қазақстан халқының бірлігін, құқықтарының қорғалуын және болашаққа деген сенімін қалыптастырды. Бұл – әр азаматтың еркін өмір сүруіне берілген кепіл. Негізгі заң – елдің жүрегі. Оны құрметтеу – бәріміздің ортақ міндетіміз,- деп атап өтті.

Аталған шара барысында кітапханашы Нұрила Дарисова қатысушыларға еліміздің негізгі заңының маңызы, оның әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі орны туралы кеңінен қамтылған баяндама оқыды.

Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, құқықтық мемлекеттің дамуы және заң үстемдігін орнатудағы жетістіктері баяндалды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Ата Заңның қоғамдағы рөлін дәріптеу, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ел бірлігін, ынтымағы мен тұрақтылығын сақтау идеясын насихаттау.

Сахнада мәдениет үйі жанындағы көркемөнерпаздар үйірмесінің оқушылары ән-жырдан шашу шашып, көркем шығармалардан үзінділер оқыды.

Алмагүл Имашева,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале