30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай Жалпақтал ауылында футболдан мекемелер арасында мерекелік жарыс өтті.

Бәсекелі сайыста жүлделі І орынды «Қос өзен» командасы, ІІ орынды «Кәсіпкерлер» командасы, ІІІ орынды «К.Меңдәлиев ЖОББМ» командасы жеңіп алса, Жәбесов Наурызбек шебер ойын көрсетіп жарыстың «Үздік қорғаушысы», Имашев Оралбек жарыстың «Үздік қақпашысы», Дагоров Дархан жарыстың «Үздік шабуылшысы», Набиолла Асылхан жарыстың «Үздік ойыншысы» аталымдарына ие болды.

Мерекелік жарыстың ашылу салтанатында Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібекұлы мен аудандық мәслихат депутаты Мәди Сағынғалиұлы сөз алып, спорт жарысына қатысқан командаларды «Конституция күні» мерекесімен құттықтаса, жарысты ұйымдастырған аудандық «Айбын» спорт клубы атынан сөз алған Бекежан Жүсіпқалиев өз мекемелерінен команда жасақтап, жарыс көркін қыздырған спортшыларға шынайы алғысын білдірді.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы